+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда

2020 жылғы 14 ақпан 19:22
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германиядағы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті интернет жұмысын қалпына келтіруді тапсырды Ерболат Досаев Президентке қаржы-кредит саясатындағы ахуалды баяндады Қазақстанда волонтерліктің жаңа инфрақұрылымы жасалады

Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 56-шы отырысы 2020 жылдың 14-16 ақпаны аралығында өтеді. Бүгінде бірқатар елдердің басшылары форумға қатысатындықтарын растады.

Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар, Еурокомиссия өкілдері, сондай-ақ Еуропалық парламент депутаттары қатысуда.

Конференция күнтәртібінде «ЕО мен НАТО болашағы», «Киберқауіпсіздік», «Денсаулық сақтау мәселелері», «Сауда соғыстары мен санкциялар», «Жалған ақпарат, насихат пен күмәнді жаңалықтар», «Қытай рөлі мен ЕО-ның Ресеймен және АҚШ-пен қатынасы», «Таяу Шығыстағы ахуал» тақырыптары талқыланбақ.

Айта кетейік, жыл сайын форумға әлемнің 70 елінен 400-600 адам қатысып келді. Олардың арасында мемлекет және үкімет басшылары, әскери әрі саяси көшбасшылар, министрлер кабинетінің мүшелері, парламент депутаттары, ғалымдар, саясаттанушылар, азаматтық қоғам өкілдері қамтылды. 1990 жылдан бері конференцияға Ресей мен Шығыс Еуропаның елдері, Қытай, Үндістан, Жапония өкілдері шақырту алуда.

Шараның тақырыптары үнемі өзгеріске ұшырайтын қауіпсіздік саясаты талаптарына сәйкес түрленіп тұрады. Мюнхен конференциясын өткізудің алғашқы жылдарында бірінші кезекте Еуро-Атлантикалық аймақтағы қауіпсіздік қатерлерін болдырмауға назар аударылды. Алайда, кейіннен жаңа аумақтар мен басқа да мәселелер күн тәртібіне енгендіктен, конференцияның мүдделер спектрі кеңейе түсті.

Осы орайда аталған Мюнхен конференциясы қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша маңызды форум болып танылды. Шараның әрбір сессиясы жоғары лауазымды қайраткерлердің басын біріктіріп, қауіпсіздіктің ағымдағы әрі болашақ проблемаларын егжей-тегжейлі талқылауды ескереді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен баратыны айтылған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT