Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР Парламенті Мәжілісінде айтып берді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты бұл конференцияға ұйымдастырушылар шақырды. Әрине, ол шақыруды қабыл алып, қатысатынын айтты. Маған де жеке шақырту келіп түсті. Мен де Президентпен бірге осы коференцияға қатысамын», - деді М. Тілеуберді.

Оның айтуынша, Мюнхен конференциясы аясында Президент пен министрдің екіжақты кездесулері жоспарланған.

«Әсіресе, мені «Мультиреализм үшін альянс» форумы қызықтырып отыр. Бұл – еуропалық бағыттағы жаңа тенденция және біз осы өзгерістерді зерттеуге, осы альянстың қызметіне белсене қатысуға ниет білдіріп отырмыз», - деді министр.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы – 1962 жылдан бері Германияның Мюнхен қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын алқалы жиын. 1993 жылға дейін Христиан-әлеуметтік одағының ұйымдастыруымен әскери мәселелер конференциясы деп аталған. 1998 жылдан бастап – жиынды Германия үкіметі қаржыландырып келеді. Биылғы конференция ақпанның 14-16 күндері аралығында өтеді.


Соңғы жаңалықтар