Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды маңызды міндет санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте айтты.

– Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шара қабылдауы қажет, – деді Президент.

Автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де - маңызды салалардың бірі.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет.


Фото: logsoft.kz
Соңғы жаңалықтар