Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инге корей халқы үшін құнды кітап сыйлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инге корей халқы үшін құнды кітап сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сіздердің тарихтарыңыздың тағы бір парағынан сыр шертетін кітапты сыйға тартқым келеді. Осынау бірегей кітап 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға корейлерді күштеп көшіргендігі жайында тереңірек білуге мүмкіндік береді деп ойламын. Бұл кітапта сталиндік тоталитарлық жүйе кезеңіндегі қайғылы оқиғаларға қатысты сирек кездесетін құжаттар мен суреттер жинақталған. Кітап 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы корей халқының тарихын барынша ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді деп үміттенемін", - деп атап өтті Қ.Тоқаев туындыны әріптесіне сыйға тарту барысында.

Соңғы жаңалықтар