+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия басшылығына қазақтарға деген құрметі үшін ризашылығын білдірді

2021 жылғы 13 қазан 19:11
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия басшылығына қазақтарға деген құрметі үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті қасым Жомарт Тоқаев Моңғолия елінің басшылығына этникалық қазақтарға деген құрметі үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі Тоқаев Семейде Ф.Достоевскийдің 200 жылдығына атаулы іс-шара ұйымдастыруды ұсынды Мемлекетке қарсы арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмунх Батцэцэгпен жүздесуі барысында айтты.

«Осы сәтті пайдалана отырып, этникалық қазақтарға көрсетіліп отырған құрметі пен қамқорлығы үшін Сіздің елдің басшылығына және моңғол халқына ризашылығымды білдіремін. Моңғолия қазақтарының тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп үміттенемін. Бұл – Сіздің мемлекетіңіз жүргізіп отырған ұлттық саясаттың нәтижесі. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас, сауда, экономика, логистика бағыттары бойынша өзара ықпалдастықты дамыту сияқты өзге де кең ауқымды мәселелер тақыланды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT