+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Молдовамен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз

2019 жылғы 28 мамыр 20:30
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Молдовамен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.

«Біз Молдовамен ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниеттіміз. Өзара қарым-қатынастарымызды дамыту үшін бізде барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Молдова Республикасының Президенті жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, мемлекетаралық диалогтың жемісті сипатын айтты.

«Елдеріміз арасында достық қатынастар орнаған. 30-дан астам екіжақты келісімге қол қойылды. 12 құжат қаралуда. Молдова үшін Еуразиялық экономикалық одақпен интеграциялық үдеріс маңызды саналады. Бұл бағытта біздің алдымызда ауқымды жұмыс тұр», - деді Игорь Додон.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT