Қасым-Жомарт Тоқаев: Мобильді доктор қызметін енгізу қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мобильді доктор тәжірибесін енгізу қажеттігін атады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Медициналық қызметтердің қолжетімділігі маңызды мәселе болып тұр. Мобильді доктор тәжірибесін енгізіп, қашықтықтан медициналық қызметтерді дамыту қажет. Бұл мақсаттарға 2020 жылға дейін 27 млрд теңге бөлінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ауылдарды сапалы интернетпен және сапалы байланыспен қамту қажеттігін ерекше атаған.

«Ауылдарды сапалы интернетпен және сапалы байланыспен қамтуға ерекше назар аудару қажет. Бұл өнімдер сатылымын кеңейтіп, жергілікті экономиканың әртараптануына, ауылдағы жұрттың табысының артып, жұмыспен қамтылуына жағдай туғызады», - деді Президент.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралап жүр. Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді. https://kaz.inform.kz/news/kasym-zhomart-tokaev-zhumys-saparmen-soltustik-kazakstan-oblysyna-keldi_a3566390



Соңғы жаңалықтар