Қасым-Жомарт Тоқаев: Менің стратегиялық мақсатым – жемқорлықтан таза қоғам құру

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті өзінің стратегиялық мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта кейінгі үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

«Сондай-ақ, құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар