Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік биліктің жаңа формуласын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқарудың тиімді формуласын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент ретінде мен үшін экономикалық дамудың жалпы цифрлары емес, халқымыздың нақты игілігі маңызды. Сондықтан стратегиялық мәселелер бойынша шешім қабылдарда халықтың пікірі назарға алынады. Біздегі мемлекеттік билік формуласы - күшті әрі өкілетті Президент, беделді және әрекетке бейім Парламент, халыққа есеп беруге міндетті Үкімет. Дәл осындай саяси жүйе күрделі геосаяси ортадағы мемлекетіміздің қажеттіліктеріне сай келеді, алдымызда тұрған стратегиялық міндеттерді атқаруға көмектеседі», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді.

Соңғы жаңалықтар