+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Маңғыстау өңірінде еңбек даулары өршіп тұр

2021 жылғы 22 қыркүйек 18:30
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Маңғыстау өңірінде еңбек даулары өршіп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау өңірінде еңбек даулары өршіп тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өткізген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШЫҰ-мен ынтымақтастықты ұлғайту қажет - Президент ЖЕЭК отырысы: Қазақстан Президенті экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді ҚР Президенті ЕАЭО елдеріне трансшекаралық көлік әлеуетін дамытуды ұсынды

Президент өз сөзінде Қазақстанды экономикалық және рухани-мәдени тұрғыдан дамытуда өңірдің рөлі зор екенін атап өтті.

– 30 жылда бұл өлкеге 7 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 есеге, яғни 3,5 пайыздан 8 пайызға дейін артты. Облыс өңірлік жалпы өнім деңгейі бойынша алдыңғы қатардағы бестікке кіреді. Еліміздің тораптық көлік-логистика орталығы осында орналасқан. Ақтау және Құрық айлақтары – Қазақстанның теңізге шығатын қақпасы. Тәуелсіздік кезеңінде облыста 11,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 78 мектеп, 334 балабақша салынды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент аймақта жылдам шешуді қажет ететін бірқатар қордаланған мәселе бар екеніне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы облыста еңбек даулары өршіп тұрғанын ерекше атап өтті.

– Жыл басынан бері өңірде осындай 150 дау туындады. Бәрі заң аясында шешілуге тиіс. Жаңаөзенде тұрақты жұмыс істейтін Ведомствоаралық штаб құру қажет. Оған мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» белсене қатысуы керек. Бұл штаб шұғыл шешім қабылдауға және халықпен тығыз қатынас орнатуы қажет, – деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT