+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

2020 жылғы 11 ақпан 16:01
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент коронавирус пандемиясына байланысты кеңес өткізді Еңбек министрі: Мерекеден кейінгі демалыс күндері жұмысқа шығу заңнамаға сай жүргізіледі Президент «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Қазақстан Президентіне Экологиялық кодекстің әзірлену барысы жөнінде мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, Кодекстің жобасын дайындау кезінде жұртшылықтың пікірі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің озық тәжірибелері ескеріліп, Парламент қарауына енгізілген.

Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа су ресурстарын басқару және геологиялық барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы министрге тиісті бағдарламаларды дайындау барысында еліміздегі су қауіпсіздігінің барлық аспектілерін мұқият талдауды тапсырды. Сондай-ақ геологиялық барлау саласына шетелдік инвесторларды тартудың маңыздылығын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT