Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне ТМД ПА марапаттарын табыс етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне ТМД Парламентаралық Ассамблеясының марапаттарын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің Құрмет белгілерін «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Дана Нұржігіт, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, қоғам қайраткері Махмұт Нәлібаев алды.

Аталған қайраткерлер ТМД Парламентаралық Ассамблеясы төрағасы В.Матвиенконың жоғары марапатына мәдениет, өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ие болды. 

Соңғы жаңалықтар