+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 5 тамыз 17:47
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрін Қазақстанға шақырды Жаңадан құрылған агенттік басшысы Президентті алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

«Бүгін Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім. Ливан Президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді», деп жазды ҚР Президент Twitter -дегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мишель Аунға Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірді.

«ҚР азаматтарының (200-ге жуық), оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау туралы өтініш білдірдім», деп жазды Президент.

Еске сала кетсек, кеше Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Қаладағы көптеген ғимаратқа зақым келіп, көбісінің терезесі қирап қалды.

Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келген. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

Бұған дейін хабарланғандай, 5 тамыз күні Бейрут уақытымен сағат 00:30-да Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жеткенін, 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алғанын мәлімдеді.

5 тамыз күні жарылыстың неден болғаны анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталады) портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT