Қасым-Жомарт Тоқаев Électricité de France (EDF) компаниясының бас директорын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Ремонмен атом энергетикасы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады.

Президент қазақстандық мамандар атом энергетикасы саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың озық технологияларын зерттеп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ олар жаңартылатын қуат көздері саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.

Айта кетейік, кеше 29 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға барды.

Тоқаевты Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды.

Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Мемлекет басшысы Француз халықаралық қатынастар институтының президенті Тьерри де Монбриальмен және Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларшемен кездесті.


Соңғы жаңалықтар