+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр

2021 жылғы 26 қаңтар 12:18
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Никол Пашинянды Армения Премьері лауазымына тағайындалуымен құттықтады Тоқаев Қазақстан Ұлттық паралимпиада құрама командасының мүшелерімен кездесті Президентке жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берілді

«Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр. Өңірдің негізгі табысы мұнайдан түсетіні белгілі. Бүгін де оның қоры таусылып, өндіру көлемі азайып барады. Соған қарамастан алға жылжуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, Қызылорда өңірін қолдау үшін жұмыс екі бағытта жүргізілуі керек.

«Біріншіден, жаңа мұнай-газ кеніштерін барлап, қазіргі кен орындарына зерттеу жүргізу керек. Екіншіден, өңірдің экономикасын әртараптандырған абзал. Сонымен қатар шағын және орта бизнес пен қызмет көрсету саласын дамыту өте маңызды. Бұл міндеттерді орындауға өңірдің өз шамасы жетпейді. Бюджеті жеткіліксіз. Сондықтан Үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT