+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті

2019 жылғы 13 қыркүйек 15:53
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарының үш ерекшелігі аталды Қазақстан Қытай арқылы жылына 2 млн тонна көмір экспорттайды Президенттің Қытайға сапары өте жоғары деңгейде өтті – Берік Уәли
«Біз жол жүргелі отырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Қытай құқыққорғау органдары ұстаған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскен болатын. Оның мәтіні БАҚ-та жарияланды. Осыған орай Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде қытай тарапына жеке өзінің өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды», - деді Мұрат Нұртілеуов.
Оның атап өтуінше, өтініш нәтижесі бойынша Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.
«Мемлекет басшысы өз тарапынан бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы тармақ ретін енгізіледі», - деді Президент көмекшісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT