Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады

Фото: Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде белгілі болды.

Аталғане кездесуде биыл мамыр айында Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия + Қытай» саммитінің және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.

Сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту маңызды екеніне назар аударылды.


Соңғы жаңалықтар