Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Ханчжоу қаласына ұшып келді

None
None
ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Ханчжоу қаласына ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып келді. Мұнда инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, Президент бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездеседі. Қытайдың ұлттық шәй мұражайы мен Лэйфен Пагодасын аралайды деп жоспарланған.




Соңғы жаңалықтар