Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді әуежайдан қарсы алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.


Фото : t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар