Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбековті елдің Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенім сипатындағы іс-қимылдарды Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді.

«Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін», - делінген жеделхатта.




Соңғы жаңалықтар