Қасым-Жомарт Тоқаев Куба және Ұлыбритания елшілерін қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өтініштері бойынша Куба елшісі Эмилио Пупо мен Ұлыбритания елшісі М.Гиффордты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Куба елшісі наурызда өткен сайлаудың қорытындысымен бөлісті. Сайлау нәтижесінде  Халық билігі Ұлттық ассамблеясының жаңа құрамы жасақталып, жаңа төраға мен Мемлекеттік кеңестің мүшелері тағайындалған болатын.

nullТараптар ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін парламентарийлер одағы ассамблеясының аясында парламентаралық қарым-қатынасты күшейтуге зор мүмкіндіктер барын ерекше атап өтті.  

Қ. Тоқаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия елшісі Майкл Гиффордпен кездесу барысында екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың нығаятынына сенім білдірді. Қазақстан Ұлыбританияны маңызды сауда-инвестициялық серіктес ретінде қарастырып отырғанын және қос мемлекеттің парламенттері арасындағы саяси қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін ерекше атап өтті.

nullСенат төрағасы Ұлыбритания елшісіне парламенттің өткен сессиясында жүргізілген жұмысының қорытындысы жайлы әңгімеледі. Сессия нәтижесінде 84 заңнамалық акті қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар