+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштері өкілдерінің салтанатты шеруін қабылдады

2019 жылғы 12 маусым 13:25
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштері өкілдерінің салтанатты шеруін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өткен ұлықтау рәсімінен кейін Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ҚК өкілдерінің салтанатты шеруін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Қарулы Күштер өкілдерінің салтанатты шеруі Тәуелсіздік сарайы алдында өтті.

«Жоғарғы Бас қолбасшысы мырза, әскерлер Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне орай сапқа тұрғызылды», - деді Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.

Салтанатты шарадан кейін Президент еліміздегі өзекті мәселелерге қатысты атқарылатын шаралар туралы айтып берді. Осы орайда халықты толғандырып отырған басты мәселе көтерілді.

Қ. Тоқаев Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс қабылдануы керектігін тапсырды.

Президент азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударатынын мәлім етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT