Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы ревакцинацияға кірісуді тапсырды

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын 30-ға дейін өлім-жітім тіркеледі. Мұның барлығы вакцинация қарқынының төмендеуі аясында орын алып жатыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайыз болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Президент елдердің басым бөлігі халықты ревакциналауға көшкеніп атап өтті.

«Қарқынды науқанды наурыз айында бастағанымызды ескерер болсақ, бізге де ревакциянация уақыты жетті. Үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді . Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар