+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласындағы онкологиялық емханаға барды

2021 жылғы 27 шілде 18:00
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласындағы онкологиялық емханаға барды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Көкшетау қаласындағы онкологиялық емханаға барды, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек – Тоқаев «Жаңғыру жолы» қозғалысын республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құрған жөн - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы жайлы TikTok жоба жасауға қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы қазіргі Covid-19 індетіне қатысты ахуалмен және өңірдегі денсаулық сақтау қызметінің жағдайымен танысты.

Президентке аймақта коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 22 жұқпалы аурулар стационарында емделіп жатқаны, төсек-орын қоры 2113 орынға жеткізіліп, тағы 5 мыңы резервте тұрғаны туралы баяндалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрі-дәрмек қорымен де қамтамасыз етілген.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қатерлі ісік ауруының белгілері бар және осы дерт бойынша есепте тұрған науқас адамдарға консультативті-диагностикалық көмек көрсетуге мамандандырылған онкологиялық емхананы аралап көрді.

Мемлекет басшысы облыста медицина инфрақұрылымы жақсы қарқынмен дамып, жаңа нысандар бой көтеріп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, жоспарлы түрде ем алатын азаматтарға, жүрек-қан тамырлары дертімен және қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық қызмет түрлері ковид кезеңіне дейінгі деңгейде болуы тиіс.

Президент денсаулық сақтау саласының мамандарына қажырлы еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

– Медицина қызметкерлерінің жұмысына, әсіресе пандемия кезеңінде салмақ түсіп отыр. Еңбек демалысына да бармай, сенбі-жексенбі күндері де дамыл көрмей жұмыс істеп жүргені үшін медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Дәрігерлерге өте қиын, бірақ біз оларды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT