Қасым-Жомарт Тоқаев киіктердің қырылу мәселесін көтерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында басталған биоалуандылықты сақтау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар барысында спикер Қасым-Жомарт Тоқаев киіктердің қырылу оқиғасын еске алды. Ал Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов ақбөкендердің қазіргі популяциясы туралы баяндап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат төрағысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстандағы биоалуандылықты сақтау мәселесіне тиісті дәрежеде көңіл бөлінбей отырғандықтан, кейбір өсімдіктер мен жануарлардың мүлдем жойылып кету қаупі бар.

«Мәселен, өткен жылы мамыр айында киіктердің қырылу оқиғасы әлі есімізде. Сол кезде киіктер санының 90 пайызы қырылды. Бұл оқиғаны, сорақы фактіні экологиялық апатпен теңестіруге болады. Осы жұмысқа жауапты мемлекеттік органдар киіктердің жаппай қырылу себебін тек ел басшылығының тікелей тапсырамасынан кейін ғана анықтай бастады. Сонда киіктерді қырылуына бактериологиялық инфекция себеп болды деген қорытынды жасалды. Бүгінде біз осы нұсқаны ұстанып отырмыз. Дегенмен, бірқатар ұйымдар ол қорытындымен келіспей жатыр. Олар мүлдем басқа себептерді алға тартуда», - деді Сенат төрағасы.

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметовтың сөзіне қарағанда, бұған дейін киіктердің саны 21 мыңнан 295 мың басқа дейін өскен болатын. Алайда, өткен жылы болған жағдайға байланысты киіктердің саны күрт төмендеп, 108 мыңға дейін азайған.

«Киіктер санына браконьерлерлік фактілер де әсер етуде. Бұл да жасырын емес. Бүгінде жабайы жануарларлың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғау жұмысымен «ОХОТ-Зоопром» арнайы ұйымы айналысады. Бұл ТМД аймағындағы бірден-бір жүйе екенін атап өту керек. Мониторинг ұйымдастыру үшін киіктерді спутниктік радиомаяктармен таңбалау қолдануда. Қолға алынған шаралардың арқасында киік санының көбейіп жатқанын жеткізгім келеді», - деп атап көрсетті А.Мырзаxметов.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша киіктердің 95 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Соңғы жаңалықтар