Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады

2019 жылғы 16 мамыр 15:32 347
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Ikomek109» шұғыл әрекет ету орталығында болды Президент ХВҚ басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті

Мемлекет басшысы Хань Чжэннің Қазақстанға сапары екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Хань Чжэнді «Бір белдеу, бір жол» форумының табысты өтуімен құттықтап, Си Цзиньпиннің Ұлы Жібек жолын жаңғырту идеясы халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау тапқанын және өзінің өміршеңдігін дәлелдегенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасының жақында өткен кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтар екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болғанын айтты.

– Қытаймен тату қарым-қатынас орнату - Қазақстанның сыртқы саясатындағы ең маңызды басымдықтардың бірі. Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар өзара пайдалы әрі тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін көрсетеді. Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда әріптесі. Екіжақты сауда-саттықтың ауқымы қарқынды өсіп келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады 

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін атап өтіп, біздің еліміздің жақсы әсер қалдырғанын айтты. 

– Қазақстан тәуелсіздік жылдары тұрақты дамып келеді. Ел экономикасы өсуде. Өзара қарым-қатынастарымыздың дамығанына ризашылық білдіреміз, – деді Хань Чжэн.

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру, Қазақстан ауыл шаруашылығының органикалық өнімдері экспортының  көлемін арттыру, трансшекаралық өзендерді пайдалану және туризмді дамыту мәселелері қарастырылды.

Көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде, Ляньюньган портындағы бірлескен терминалдың және арнайы экономикалық аймақтағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ портының әлеуетін пайдалану, транзитті контейнерлердің тасымал көлемін арттыру  перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарын қабылдады 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT