+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кейбір арсыз кәсіпкерлер күрделі жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелгісі келеді

2020 жылғы 8 шілде 21:27
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Кейбір арсыз кәсіпкерлер күрделі жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелгісі келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда дүрбелеңге жол бермеу керектігін баса айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды Қорғаныс министрі Президентке Қарулы күштердің құрылысы және дамуы тұжырымдамасын әзірлеу туралы баяндады Президентке «Самұрық-Қазынаның» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды

«Жалпы дәрі-дәрмек препараттарын, өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кем дегенде 150 миллиард теңге бөлінеді. Қаражаттың жұмсалуы ерекше бақылауда болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде.

Президент сонымен бірге қоғамда дүрбелеңге жол бермеу маңызды екенін жеткізді.

«Кейбір арсыз кәсіпкерлер қиын жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелгісі келеді. Олар жасанды толқуды тудырып, қажетті дәрі-дәрмекке бағаны әдейі көтереді. Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары алыпсатарларды жауапқа тарта бастады. Әкімдіктер рейдтерді өткізіп, осындай фактілерді анықтауы керек. Кейбіреулер саяси ойындарды ұйымдастырады, қауесеттерді таратады, жағдайды әртүрлі болжамдар мен үндеулермен қыздырады. Қоғамда жеккөрушілік тудыруға тырысады. Мұндай манипуляциялар өте қауіпті. Сондықтан оларға заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT