Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақтардың тағдырын тек өзіміз ғана шешеміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына амандық тілеп, ел тағдырын өз қолымызда екенін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбаты соңында Қазақстан халқына, көрермендерге, жұртшылыққа не айтасыз? деген сауал қойылды.

«Расында, бүгін жақсы, мазмұнды сұхбат болды деп ойлаймын. Халыққа айтарым, бұл дүниеде қазақтардың тағдырын тек өзіміз ғана шешеміз. Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Отанын қорғау, халқының амандығын сақтау – әр азаматтың борышы. Осыны ұмытпауымыз керек. Қазақ елі жасай берсін!», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар