Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды астана күнімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« Отандастарымызды Елорда күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала бой көтерді. Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар астана күнін тойлап жатыр.


Соңғы жаңалықтар