Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда филиалын ашатын ресейлік университеттерді атады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда филиалын ашатын ресейлік техникалық университеттерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл – Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін», - деді Қазақстан Президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме кезінде.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының астанасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысының Ресейге жұмыс сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Оның ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресейлік 6 ЖОО-мен ықпалдастық туралы меморандумы бар.


Соңғы жаңалықтар