«Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» кітабы таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Конституция күніне арналған дөңгелек үстел барысында «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі дөңгелек үстел Конституция күніне арналып отыр. Конституцияға сәйкес, Президент негізгі заң мызғымастығының символы әрі кепілі саналады. Бұл кітап Қазақстан – неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты тарапынан әзірленген. Кітапты басып шығаруға мемлекеттік бюджеттен бір теңге де алынбағанына назар аудартқым келеді. Кітап жекеменшік жоғары оқу тарапымыздан демеушілік қолдау есебінен әзірленді. Кітап бизнес жоба емес, сатуға да арналмаған. Ол ғылыми институттар мен білім беру мекемелерінің кітапханаларына беріледі», - деді басылымның жауапты редакторы Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты директоры Болат Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, Конституцияда елімізді басқарудың президенттік формасы бекітілген.

«Түрік көшбасшысы Ердоған елінде парламенттік республикадан президенттік республикаға көшуді жүзеге асырды. Қырғызстанда да республика президенттікпен парламенттікке, одан кейін қайтадан президенттікке трансформация жасалды. Бұл мысалдар күрделі саяси жағдайда мықты президенттік билік және соған орай Президенттің халық пен мемлекет алдындағы жеке жауапкершілігі ішкі саяси ауалды тұрақтандыруға әрі елдің өңірегіндегі сыртқы саяси жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретіндігін дәлелдейді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар