Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсыновты қабылдады

None
None
Нұр-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсыновты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздің кино индустриясын дамыту перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Президенті кино өнерінің ахуалы еліміздің мәдени келбетін айқындайтынын атап өтіп, отандық кинематография өнімдерінің сапасын арттыру бойынша жұмыс істеуге шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, кино индустриясының, соның ішінде «Қазақфильм» киностудиясының келешегіне қатысты мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қажет.

Ермек Тұрсынов ұлттық киноға көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, 30 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін XV «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылуына шақырды.

Соңғы жаңалықтар