+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

2021 жылғы 4 мамыр 17:04
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Жолдау: Пандемия кезінде ауруханаларға қажетті түрлі медициналық жабдықтар жеткізілген Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары, XXIX сессия қорытындылары және этносаяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында Ассамблеяны одан әрі дамыту, талдамалық және мониторингтік, аймақтық және жастар қызметінің бағыттарын күшейту мәселелері қаралды.

Президентке қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, этностардың келешектегі интеграциялануы, Ассамблеяның Қазақстан халқын азаматтық біртектілік пен бірлік қағидаттарына шоғырландыруға бағытталған арнайы жобаларының жүзеге асырылуы жайында баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық қоғамдық институттарының жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.



Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT