Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосын 100 жылдық мерекесімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Қазақ радиосының ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.
«Ақпарат кеңістігінде аса маңызды орын алатын Қазақ радиосының ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ұзақ жылғы жемісті еңбектеріңіз мемлекеттік наградаларға лайықты және сіздерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі» деп жазды Президент.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының жылнамасы – халқымыздың жүз жылда жүріп өткен жолының айнасы деп баға берген болатын.


Соңғы жаңалықтар