+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар сыртқы істер министрін қабылады

2021 жылғы 10 маусым 17:35
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар сыртқы істер министрін қабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қатар мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру үшін жаңа нарықтарды игеру керек –Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Сыртқы істер министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында қазақ-қатар қатынастарының даму перспективалары талқыланды. Бұл ретте саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға баса мән берілді.

Қазақстан Президенті өзара қызығушылық танытатын салалар бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін зор мүмкіндік бар екенін айтты.

– Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор болады деп ойлаймын. Келешекте біз өзара ынтымақтастық бағытында үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Қазақстан осындай жетістіктерге қол жеткізуге мүдделі, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде қол жеткізілген уағдаластық туралы айтты. Атап айтқанда тараптар Қатар басшысының Қазақстанға жоспарланған сапарының қарсаңында бірнеше ірі инвестициялық жобаларды бірлесе әзірлеу жөнінде келісімге келген.

Өз кезегінде, Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Қатар Әмірінің Қазақстан Президентіне және халқына жолдаған сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің экономика саласына баса мән бере отырып, Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін берік негіз қалауға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ коронавирус індетіне қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының әзірленуіне байланысты Қатар басшысының құттықтауын жеткізіп, аталған мәселе бойынша кез келген көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Бұдан бөлек Қатардың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен өткізген келіссөз нәтижелері жөнінде, сондай-ақ, Қазақстан тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты бірқатар ұсыныс түскені туралы мәлімет берді. Бұл ретте Қатардың Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялары аталған жобаларды зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT