+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар делегациясын қабылдады

2019 жылғы 3 желтоқсан 13:35
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Катар делегациясын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумының қатысушыларына құттықтау хат жолдады Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды

Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара іс-қимылдар, инвестиция тарту және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы мәселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті Катар делегациясының осы сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беруі тиіс екенін атап өтті.

– Биылғы маусым айында Душанбеде Катар Әмірімен кездестім. Сол кезде біз екі мемлекет арасында дәнекер болатын нақты іс-қимылдарды күшейту жөнінде уағдаластық. Мен оны Қазақстан астанасына ресми сапармен келуге шақырдым. Осыған байланысты сіздердің сапарларыңыздың біз үшін маңызы аса зор деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани өз елінің басшылығының Президентке, Үкіметке және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді.

– Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын білесіздер. Біздің сапарымыз осы үрдіске қолдау көрсету болып саналады. Елдеріміздің қаржылық құрылымдары арасында терең әрі тығыз байланыстар орнаған. Біз бір-бірімізбен банк, қаржы және инвестиция бағыттары бойынша ықпалдастық жасап келеміз. Кеше «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Катардағы ірі банктердің бірінің филиалын ашу жөнінде уағдаластық, – деді Катар қаржыгері.

Сонымен қатар ол екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының тезірек ашылуы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайта түседі деген пікір айтты.

Делегация құрамында Катар Қор биржасының басқарма төрағасы Рашид әл-Мансури, «Masraf Al Rayan» банктер тобының төрағасы Хусейн әл-Абдалла, «Qatar International Islamic Bank» банкінің басқарма төрағасы Абдул Басит әл-Шайби, Qatar National Bank» банкінің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абдулла әл-Халифа, Катар қаржы орталығының Реттеуші ведомствосының басқарма төрағасы Майкл Раян, «Commercial Bank of Qatar» банктер тобының басқарма мүшесі Мохамад Мандани әл-Эмади және Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз әл-Румейхи болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT