Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий саммитінің маңызы туралы айтты

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Өңірде болған соңғы жағдайлар Каспий теңізінің маңызын арттырды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы Каспий саммитінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын-соңды болмаған жаһандық дауыл» жағдайында Каспий теңізінің маңызы артуда. Өйткені оның геостратегиялық орналасу жағдайы, табиғи ресурстарға байлығы, бірегей тасымал әлеуеті тартымды.

Ақтау саммиті бүкіл әлем қауымдастығына Каспий жағасындағы елдердің аса күрделі мәселелерді бейбіт жолмен, тату көршілік қатынастар арқылы шеше алатынын көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы құжаттың бекітілуін соның айғағы ретінде атады.

«Көп жылдарға жалғасқан келіссөздерден кейін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуы осының айқын куәсі. Бұл құжат бес жақты ара-байланысты кешенді тереңдетуге іргетас болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент кездесуде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның тез арада күшіне енгізу кезек күттірмейтін мәселе екенін айтты.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.


Соңғы жаңалықтар