Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі-сыртқы саясатпен етене таныс - Әбілқасым Досболов

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев саясатқа жаңадан келген адам емес. Оның көпжылдық мол тәжірибесі бар әрі ішкі-сыртқы жағдаймен етене таныс. Сондықтан, халықтың жаңа Президенттен үміті зор. Күні кеше жаңадан сайланған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурация рәсіміне қатысқан Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әбілқасым Досболов осындай пікір айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәслихат депутатының айтуынша, ендігі жерде әуелсіз Қазақстан тарихының жаңа кезеңі басталады.

«Халықаралық қауымдастыққа бейбітшілік сүйгіш, халқының ынтымағы бекем, орнықты даму жолына түскен мемлекет ретінде танылған Қазақ елі өзінің мемлекеттілігін нығайту жолында тағы бір үлкен қадам жасады. Өз басым осынау тарихи оқиғаның тікелей куәгері болғаным үшін тағдырыма ризамын. Мемлекет басшысы сол сенімді ақтап, қазақстандықтардың өмірін сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеретініне сенемін»,- дейді Әбілқасым Досболов.

Халық қалаулысының сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеріп, тұрмысын жақсартуға бар күш-жігерін салады.

«Инаугурация рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент халықтың табысын арттыруға, баспанамен қамту, ауыз су, сапасыз жолдар секілді проблемаларды шешуге уәде берді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың үмітін ақтап, өз уәдесін орындайтынына сенемін», - дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар