Қасым-Жомарт Тоқаев ірі компанияларды білімімен бөлісуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі «Қазақстандық шетелдік инветорлар кеңесі» қауымдастығымен бірге негізгі салалардағы құзірет трансфертін дамыту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуі қажет. Бұл туралы бүгін елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім экономикасы дәуірінде бүкіл өмір бойы білім алу рөлі арта түседі. Әсіресе бұл ретте осы құзіреттің тасымалдаушысы саналатын ірі трансұлттық корпорациялармен өзара іс-қимыл маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, соңғы үш жыл ішінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 12 мыңнан астам жас білім алды.

«Осы тәжірибені біз айтарлықтай кеңейтуге ниеттіміз. Оның ішінде жұмыс берушілерді ынталандыруды жолға қою арқылы да кеңейту ойда бар. Бүгінгі күні құзіретті дамыту мен беру әсіресе мұнай-газ-химия, жаңа материалдар, кәсіптік қызметтер, ақпараттық технологиялар сынды салаларда үлкен қажеттілік болып отыр. Біздің барлық компанияларда біліктілік арттыру курстары, дағдылану бағдарламалары, жолға қойылған білім беру әдістемесі, тіпті корпоративтік университеттер бар. Осыған орай ҚР Үкіметіне «Қазақстандық шетелдік инветорлар кеңесі» қауымдастығымен бірге біз үшін негізгі салалардағы құзірет трансфертін дамыту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар