Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Иран Президентінің құттықтауы мен ізгі тілектеріне ризашылығын білдіріп, Иран Ислам Республикасы Қазақстанның жақын серіктесі екенін атап өтті.

Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Иран арасындағы тығыз ынтымақтастықтың айқын көрінісі екеніне назар аударды.


Соңғы жаңалықтар