+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев індетке қарсы күрес жайлы: Жеңіс бізде болатынына еш күмән жоқ

2020 жылғы 8 шілде 21:35
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев індетке қарсы күрес жайлы: Жеңіс бізде болатынына еш күмән жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды халқымыздың басына түскен сынақ алдында қайсарлыққа, сабыр мен жауапкершілікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшкенде үй кезегі сақталуы тиіс Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті Мемлекет басшысы Семейдің жаңа ықшамауданындағы құрылыс жұмысымен танысты

«Біз коронавирусқа қарсы күресті жалғастырамыз. Жеңіс бізде болатынына еш күмән жоқ. Күйзеліске, немқұрайлыққа бой алдырмауымыз керек. Бүгін біз бірлігімізді әрдайым көрсетуіміз керек. Біз ешкімді қиыншылыққа қалдырмаймыз және әр қазақстандықтың өмірі мен денсаулығы үшін күресеміз. Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз. «Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телеүндеуінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев әр азаматтың амандығы үшін күресуге шақырды.

«Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін!» - деп түйді сөзін Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT