Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Әзербайжанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыратынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар