+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің орны ерекше

2019 жылғы 22 тамыз 14:16
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің орны ерекше

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті мен Елбасы Абайдың 175 жылдығына арналған мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді Ақтоты Райымқұлова: Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады Елордадағы барлық ескерткіш күрделі жөндеуден өтеді

Кездесу барысында еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимаратын салу жұмыстары бойынша ақпарат берілді.

Белгілі театр және кино режиссері Талғат Теменов болашақта мәдениет жылын жариялау, жас актерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, баспанамен қамту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта мәдениетке, театр мен киноға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде көңіл бөлу жалғаса беретінін айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT