Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар