+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Герман Грефті қабылдады

2019 жылғы 16 мамыр 20:18
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Герман Грефті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Г.Грефке ХІІ Астана экономикалық форумының жұмысына қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, шара жұмысына мазмұн берген оның сөйлеген сөзіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімнің ырғағы көбінесе технологиялық көшбасшылық пен цифрлық технологиялардың дамуына байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізіп, экономикалық қызмет құрылымын өзгерткен компаниялар табыстырақ болады.

- Сіз тек Ресейде ғана емес, тіпті одан да кеңірек ауқымда цифрландыру және жасанды интеллект салалары бойынша мықты мамансыз десем, артық айтқандық емес. Сіздің «Астана» халықаралық қаржы орталығының алдағы жұмыстарына қатысты пікіріңізді білгіміз келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Тараптар банк саласы дамытудың өзекті мәселелерін, санкциялық саясаттың екі ел экономикасына ықпалын, сондай-ақ, экономикалық өсімді ынталандырудың заманауи құралдарын қолдану перспективаларын талқылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT