Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

– Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін, – деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының шаршы алаңда ертең өтетін кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бүгін 40 жасқа толды.



«Жылы лебізіңіз бен көңіл бөліп, құттықтағаныңызға рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен үшін еліміздің атынан әлемдік додаларда өнер көрсету зор абырой. Сізге және бүкіл Қазақстан халқына қолдауларыңыз үшін көп рахмет айтамын !»,-деп жауап қатты Геннадий Головкин.


Соңғы жаңалықтар