+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады

2019 жылғы 30 шілде 14:30
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Наталья Годунова Президентке бюджет жобасын бағалау жөнінде баяндады Қазақстан Президенті он мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады Президент Қарағандыда еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өткізді

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасында сенімді екіжақты ынтымақтастық орнағанын, әсіресе, сауда-экономикалық және саяси салаларда зор мүмкіндіктер барын атап өтті.

– Біз Францияны Еуропа Одағы шеңберіндегі негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. ЕО Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады. Екіжақты сауда көлемі 4,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Ал Франциядан ел экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі 15 миллиард АҚШ долларынан асты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан француз компанияларының табысты қызметін атап өтіп, Франция министріне, біздің елде шетелдік компаниялардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалатынын айтты.

Б.Ле Мэр Қазақстан Президентіне жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, Франция мен Қазақстан арасында көп жылдық өзара тиімді стратегиялық әріптестік арнағанын атап өтті. Францияның Экономика және қаржы министрі екі ел арасындағы өзара жемісті іс-қимылдарды барынша арттыруға ұмтылатынын білдірді.


Соңында Мемлекет басшысы Франция көшбасшысы Эмманюэль Макронға сәлем жолдап, ізгі тілегін білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT