Қасым-Жомарт Тоқаев: Форумдар, буклеттер туризмді дамыту мәселесін шеше алмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы  Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында туризмді экономиканың табысты  саласына айналдыру үшін инфрақұрылымды кешендік және мазмұндық жағынан дамыту жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап  өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Туризмді экономиканың табыс көзі мол саласына айналдыру үшін инфрақұрылымды кешендік және мазмұндық жағынан дамыту жұмыстарын жүргізу қажет. Шетел тәжірибелерінен үлгі алуға болады. Көрме-презентациялар, форумдар, буклеттер - мәселенің шешімі емес», -деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын ол: «Елбасының Жолдауында айтылғандай, Қазақстанды туристер үшін тартымды ету мақсатында тарихи нысандардың сапасына, оның ішінде тариxи тұлғалардың ескерткіштеріне баса мән беру қажет», - деп атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар