+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президентін елімізге сапармен келуге шақырды

2019 жылғы 25 тамыз 15:35
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президентін елімізге сапармен келуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Елшісі Жанна Сартбаева Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыз әлем қалыптастыруға шақырды Қазақстан мен Кореяның жан-жақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды Къелл Бондевик: Мен үшін  Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары аса перспективті

Президент сарайындағы салтанатты рәсімнен кейін қазақстандық дипломатты Мемлекет басшысы қабылдады.

Сұхбат барысында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Финляндия Президентіне жолдаған сәлем мен жылы ниет лебіздері жеткізіліп, Қазақстанға сапармен келіп-кету туралы шақыруы табыс етілді.

Финляндияның Мемлекет басшысы Қазақстанның саяси дамуы, экономикасын әртараптандыру және транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жолында қолға алынған шаралар бойынша хабардар етілді.

Қазақстан-Финляндия қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылау барысында Елші екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша, әсіресе цифрлық технологиялар саласындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге ел басшылығының мүдделігін танытты.

Президент Қ.Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде айқындаған негізгі бағыттар туралы егжей-тегжейлі айтылды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастыққа үш диалог негізінде жаңа геосаяси ахуал қалыптастыру туралы ұсынған бастамасы мәлімденді.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевпен Президент Қ.Тоқаевтың Президент С.Ниинистенің туған күніне орай құттықтаулары табысталды.

Финляндия Президенті екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатына ерекше көңіл аударып, Қазақстанның халықаралық аренадағы маңыздылығын атап өтті. Ол екіжақты сауданың өсіп келе жатқан беталысына қанағаттанушылық білдірді.

С.Ниинистё Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретіндегі рөлін айрықша айтып, оның жаһандық архитектура мен геосаяси мәселелердің қалыптасу үдерістерін терең түсінетіндігін атап өтті. Фин мемлекетінің басшысы еліміздің Президенті Қ. Тоқаевқа жүрекжарды лебізін білдірді.

Финляндия Президенті Қазақстанға жасаған сапарларын еске алып, қазіргі дамуын жоғары бағалады және елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі жүзеге асыруда сәттілік тіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT