+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті

2020 жылғы 14 ақпан 22:26
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Германиядағы жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-16 ақпан аралығындағы апталық жұмысына бейнешолу ҚР Президентінің Мюнхен конференциясында сөйлеген сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысымен бірнеше жыл бұрын кездескенін еске сала отырып, одан бері екіжақты серіктестікте елеулі ілгерілеу болғанын атап өтті.

Өз кезегінде А. Гурриа Қазақстанмен арада ынтымақтастық байланыстар нығайып келе жатқанын атап өтті.

«Мен бүгінгі кездесуге өте қуаныштымын. Біз көптеген министрлермен бірлесіп жұмыс істедік. Осы орайда қарым-қатынастың жыл санап дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бүгінгі кездесуге шын жүректен қуаныштымын. Биыл ынтымақтастығымыз одан әрі өрлей түседі деген сенімдемін», - деді Анхель Гурриа.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді.


Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының мүмкіндіктерімен танысты.

Мұнымен қоса, Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен кездесті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT